






Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің төртінші легі аясында, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен 8 апталық оқу барысында тамақтандыру, фуршет және кофе-брейк ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде өткізілді.
Осы қызметті табысты ұйымдастырғаны үшін қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері Сенат Аппараты Басшысы М. Споткайдың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Алғыс хаттар келесі қызметкерлерге табысталды: Амангелді Аяулым, Жанболатова Нұргүл Толбайқызы, Әбсадық Дінасыл Бақытұлы, Болтаева Майгүл Дәнебайқызы, Сайрамбекұлы Тілектес.