Басты бетҚызметі

Қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін саладағы қызмет болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты тиісті саланың уәкілетті органының әкімшілік ғимараттарын және қызметтік тұрғын үйлерін пайдалануды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау, қоғамдық тамақтандыру, құжаттарды көбейту және баспа өнімдерін дайындау саласында қызмет көрсетуді ұсыну болып табылады.

Тиісті саланың уәкілетті органының қызметін іске асыру мақсатында Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету және пайдалану;

2) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының техникалық жабдықтарына, инженерлік желілері мен жүйелеріне қызмет көрсету, пайдалану және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының, инженерлік жүйелерінің, құрылыстарының және басқа да объектілерінің күрделі және ағымдағы жөндеуін жүзеге асыру;

4) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік және өндірістік–техникалық үй-жайларын, жалпы пайдалану орындарын, аулаларды, іргелес аумақтарды және жасыл көшеттерді тазалауды және күтуді қамтамасыз ету;

5) қызметтік тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың үй-жайларын қажетті жиһазбен, кеңселік және тұрмыстық техникамен, оның ішінде үй тұрмысындағы заттармен жарақтандыру;

6) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының, құрылыстарының күзетін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге қатысу;

7) құжаттарды көбейтуді және баспа өнімдерін дайындауды қамтамасыз ету;

8) өнеркәсіп шығарындыларының, ластаушы заттардың көздерінен өлшемдер (сынақтар) және ауызсу құрамының сапасына зерттеулер жүргізу;

9) спорттық-жаттығу залының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, депутаттар, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары аппараттарының,тиісті саланың уәкілетті органының қызметкерлері және Кәсіпорын қызметкерлері үшін спорттық–сауықтыру іс–шараларын ұйымдастыру және өткізу;

10) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, аппараттарының қызметкерлерін, сондай-ақ басқа да тұлғаларды тамақпен қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын асханалары мен буфеттерінің қызметін ұйымдастыру;

11) Кәсіпорынның асханалары мен буфеттерінде өз өндірісінің өнімдерін (түскі ас, кулинарлық және кондитерлік өнімдер), сондай-ақ өзге де азық-түлік тауарларын дайындау және сату;

 

12) Парламент ғимаратында және тиісті саланың уәкілетті органының әкімшілік ғимараттарында, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органының тапсырмасы бойынша өткізілетін қабылдауларға, фуршеттерге, банкеттерге, баспасөз конференциялары мен басқа да іс-шараларға қызмет көрсету.