Басты бетБіздің шахматшымыз «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын иеленді

Біздің шахматшымыз «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын иеленді

Біздің шахматшымыз «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын иеленді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық мекемелері қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада аясында шахматтан жарыстар өтті. Еркинбек Багзый ең нәтижелі ойыншы ретінде танылып, «Турнирдің үздік ойыншысы» атағына ие болды. Ол 9 партияның бірде-біреуінде жеңілмей, тамаша нәтиже көрсетті. Жеңімпазды құттықтаймыз!

Жарысқа әр мекемеден екі адамнан құралған 14 команда қатысты. Қызықты да шиеленісті интеллектуалдық күрестің нәтижесінде бас жүлдені Инженерлік-техникалық орталықтың командасы жеңіп алды. Еркинбек Багзый өнер көрсеткен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командасы құрметті үшінші орынды иеленді.