



Еліміздің Астанасы күнін атап өтуге орай Кәсіпорынның Бас тәлімгері Алмагүл Амангелдіқызы бастаған топ әсем Астанамыздың төрінде орналасқан «Айша-Бибі» кешенінде сурет салу бойынша шеберлік классын ұйымдастырды.
Аталған шеберлік классы сонымен қатар қиын ауруға шалдыққан, ауыр халдегі Аслан атты балапанымызға жәрдем ретіндегі қайырымдылық шарасы түрінде өтті.
Шеберлік классын Кәсіпорынның белсенді әрі дарынды жұмыскері, суретшісі Адилова Маликаөткізді. Қатысушылар таңдауға берілген суреттерді бейнелеп қана қоймай, Ел Ордамыздың әсем көріністерін тамашалай алды.
Астана күні құтты болсын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, балапандарымыз сау әрі ғұмырлы болсын!