«Тазалық – табалдырықтан басталады!» - демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың басты міндеті!
Осыған орай Кәсіпорында 11 қазанда жалпықалалық сенбілік аясында сенбілік өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, аумақты абаттандыру және жұмыскерлер арасында экологиялық мәдениетті арттыру болды.
Кәсіпорын жұмыскерлері белгіленген орынға таңғы сағат 10:00-де жиналып, жұмысқа кірісті. Жұмыс үшін қажетті құрал-саймандар, жұмыс киімі мен қолғаптар дайындалды. Сенбілік барысында келесі жұмыстар атқарылды:
∙ «Нұрсая» тұрғын үй кешені бойындағы қоқыстарды жинау;
∙ «Нұрсая» тұрғын үй кешені ауласын түрлі ластанулардан тазарту.
Іс-шараға Кәсіпорынның әртүрлі бөлімдерінің жұмыскерлері қатысты. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жұмысты ынтамен және жауапкершілікпен орындады.
Сонымен қатар, сенбілікке қатысу жұмыскерлер арасындағы командалық рухты нығайтып, экологиялық жауапкершілік маңыздылығын арттырды.
Сенбілік сәтті өтті, жоспарланған барлық жұмыстар мерзімінде орындалды. Мұндай іс-шаралар қаланың экологиялық ахуалды жақсартуға оң әсерін тигізіп, халық арасында қоршаған ортаны қорғауға жауапты көзқарас қалыптастыратынына сенімдіміз.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіре отырып, экологияның жай-күйін бақылауда ұстауға шақырамыз!