Басты бетҚР Парламентіне 30 жыл

ҚР Парламентіне 30 жыл

ҚР Парламентіне 30 жыл

Бүгінгі күн - ертеңгі тарих...     

Парламент сессасының аяқталуына және Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығының атап өтілуіне орай Кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Аппараттары басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.

Кәсіпорын қызметкерлері заң шығару қызметіне тікелей қатыспағанымен, олардың күнделікті адал еңбегі Парламенттің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір қызметкер еліміздің аса маңызды мемлекеттік институттарының бірінің тиімді қызмет етуіне өз үлесін қосып келеді.

Парламенттің отыз жылдық тарихы - бұл тек депутаттық корпустың және мемлекет қайраткерлерінің ғана емес, сондай-ақ кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен заң шығарушы биліктің тиімді қызметіне берік негіз қалап жүрген мыңдаған мамандардың да тарихы.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының марапатталған қызметкерлерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз.