Құрылысшылар күні қарсаңында біздің Кәсіпорынның басшысы ҚР Парламенті ғимараттарының үздіксіз жұмыс істеуін, толық сервистік қызмет көрсетілуін және пайдаланылуын қамтамасыз ететін жұмыскерлерді құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 2008 жылдан бастап ҚР ПІБ жүйесінде өз қызметін бастаған электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электромонтері - Александр Пантюхинге «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» салалық марапатын табыстады.