«Баланың өміріндегі басты және есте қалатын оқиғалардың бірі – мектептегі алғашқы күн. Оқыту процесіне деген көңіл-күй көп жағдайда бірінші әсерге байланысты және жалпы алғанда оқу процесіне деген көзқарас қалыптасады. Осындай айтулы күнде әріптестеріміздің балаларының мектепті танып- білуден алаңдамауы біз үшін маңызды. Барлық балаларға нұрлы жол, үздік оқу және нағыз достар табуды тілеймін», - деді сыйлықтарды тапсыру кезінде Кәсіпорынның директоры Нұрбол Қаржауов. Мектеп оқушыларына оқу жылы басталар алдында сыйлық беру – Кәсіпорын үшін дәстүрге айналған.