«МТҚБ ӘҒД» РМК-да Мемлекеттік Конституция күні қарсаңында құрылымдық бөлімшелердің 22 қызметкері Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Шара барысында Ата Заңның Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы маңызы, сондай-ақ еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтаудағы оның рөлі айтылды.
Әріптестерге ұжымдағы еңбектері мен жылы қарым-қатынастары үшін алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жақсылық пен әсерлі нәтиже әкелсін!