2022 жылдың 24 қыркүйегінде «МТҚБ ӘҒД» РМК –ның 100-ге жуық қызметкері сенбілікке белсене қатысты, жуу, қызмет көрсетілетін объектілердің аумағын сырлау – ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенат, Министрліктер үйі «Б» блогы ғимараттарының іргелес аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Cондай-ақ ағаштар мен жиектер әктелді. Сенбілік – ұжымның рухын көтеріп, күнделікті жұмыстан демалуға, ұйымшылдыққа, жұмыстан тыс әріптестермен әңгімелесуге және қоғамдық пайдалы жұмыс жасауға көмектесетін іс-шара.