5 қазанда Парламентаризм институты мен Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының өкілдері мемлекет Басшысының 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауын «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» түсіндіру бойынша Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі аспектілері Президент бастамашылық еткен бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер болды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді қолдады.