Биыл Қазақстанда көп жылдан бері алғаш рет Ұлттық мереке – Республика күнін тойлайды. 25 қазан – Қазақстан өз егемендігін жариялап, тәуелсіздікке жол бастаған күннен бастап еліміз үшін тарихтағы ең маңызды күннің бірі. Мереке қарсаңында «МТҚБ ӘҒД» РМК -да Қазақстан Республикасының күніне орай қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін және адал екбектері үшін, құрылымдық бөлімшелердің 63 қызметкері Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Ерен еңбегі» медалімен– қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану қызметінің Парламент жатақханасына қызмет көрсету секторының аға коменданты Алмагүл Карсембайқызы Мадышева марапатталды.
Сондай-ақ, «Ата-анамның мамандығы» тақырыбындағы балалар сурет байқауының көрмесіне қатысып, алғыс хатпен марапатталған кәсіпорын қызметкерлерінің 10 балалары грамоталар, сыйлықтармен салтанатты жиында марапатталды. Құрметті әріптестер, мерекелеріңіз құтты болсын! Елімізге бақ-береке , отбасыларыңызға тыныштық пен амандық тілейміз.