Басты бетҚан тапсырып, жүректерде із қалдыр

Қан тапсырып, жүректерде із қалдыр

Қан тапсырып, жүректерде із қалдыр

Көктемнің бірінші күні, Алғыс айту күніне орай «МТҚБ ӘҒД» РМК ұжымы «Қан тапсырып, жүректерде із қалдыр» акциясын өткізді. Қан құюды қажет ететіндерге көмек ретінде барлығы 23,4 литр қан тапсырылды.
Акция аясында Кәсіпорынның 52 қызметкері донор бола алды. Еріктілердің арасында қан тапсыру үшін тұрақты донорлар да, сондай-ақ мұндай жауапты іске бірінші рет қатысқандар да болды.
Кәсіпорын қызметкерлері қан тапсыру және донор болу мүмкіндігін өз Кәсіпорын қабырғасында алды. МТҚБ ӘҒД басшылығы кабинеттерді бөлсе, ал Республикалық қан орталығының мамандары қан алу рәсімдері үшін стерильді жағдайларды қамтамасыз етті.
Қан тапсырар алдында қызметкерлер медициналық тексеруден және терапевт кеңесінен өтті.