Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес ШЖҚ «МТҚБ ӘҒД » РМК - ға әдеп жөніндегі уәкіл-шаруашылық қызмет көрсету қызметінің (мәжіліс ғимараты) бастығы Туткушбаева Алмагүл Амангелдіқызы тағайындалды.
Алмагүл Амангелдіқызы өзінің еңбек жолын 2004 жылдан бастады. Кәсіпорындағы жұмыс тәжірибесі 13 жылдан астам.
Өздеріңіз білетіндей, әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі өте маңызды, өйткені оның негізгі қызмет бағыттары қызметкерлердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелі бақылау болып табылады.
Этикалық бақылау тетіктерін үнемі жетілдіру Кәсіпорынның жағымды имиджін нығайтуға әсер етеді.
Кәсіпорын қызметкерлері кеңес беру, проблемалық жағдайларды реттеу, қызметкерлердің қызмет көрсетілетін контингентпен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу үшін әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің телефоны және электрондық поштасы: 8 (7172) 74-61-22, Tutkushbaeva@umto.kz.