Басты бет
›
«ӘҒД МТҚБ» РМК бірінші Парламентаралық форумына дайындық жүргізді
«ӘҒД МТҚБ» РМК бірінші Парламентаралық форумына дайындық жүргізді
Түркістан қаласында 2023 жылғы 9-10 ақпанда бірінші Парламентаралық форум өтті, оған Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысты.
Форум өткізу өңірлердің мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайтуға, бірыңғай рухани-мәдени кеңістікті дамыту мәселелерін талқылауға, сондай-ақ елдердің өзекті міндеттерін шешуге мүмкіндік берді.
«ӘҒД МТҚБ» РМК қызметкерлері осы іс-шараға алдын ала толық дайындық жүргізді.
Инженерлік жүйелер мен жабдықтардың дайындығына тексеру жүргізілді, отырғызу орындары ұйымдастырылды, осы іс-шараға қатысушылар үшін тамақтандыруды үйлестіру және ұйымдастыру жүзеге асырылды.
Айта кету керек, халықаралық іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтті.