Осы маңызды күні ҚР Парламенті Палаталары, ҚР Президенті Іс басқармасы аппараттарының басшылары мен МТҚБ басшысы қызметкерлерге адал еңбегі мен Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, 20 жылдан астам жұмыс істегендерді құрмет грамоталарымен марапаттады.
Осы демалыс күндері іс-шараның ресми бөлімінен кейін ӘҒД ұжымы қала сыртындағы командалық тимбилдингке аттанды.
Ұйымдастырушылар тығыз жұмыс пен командалық өзара іс-қимылды көздейтін спорттық және көңілді сынақтар кешенін дайындады. Ең жоғары ұпай жинаған ең үздік үш команда кубоктар мен грамоталарға ие болды.
Жарыстан кейін жұмысшыларға ашық ауада тамақтану қызметінің аспаздары дайындаған дәмді түскі ас берілді.
«Біздің ұжым керемет, бірақ мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр, біз тамаша уақыт өткіздік» - деп қызметкерлер ұйымдастырылған мереке үшін Кәсіпорын басшылығына шын жүректен алғыс білдірді.