Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қызметкерлердің балалары үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия ұйымдастырылды.
Медицина қызметкері мен ата-аналардың сүйемелдеуімен 23 бала Щучье-Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлерін аралап, орманда және көлдің жанында серуендеп, экскурсия жетекшісімен бірге Табиғат мұражайы мен хайуанаттар бағына саяхат жасады.
Кәсіпорын экскурсияға қатысушыларды толыққанды тамақпен, ал жолда - жол полициясын сүйемелдеумен қамтамасыз етті. Елордаға балалар риза болып оралды.
Сонымен қатар, мереке құрметіне Кәсіпорын ұжымының өкілдері Астана қаласының мамандандырылған балалар үйлеріне барып, мемлекет қамқорлығында қалған балаларды сыйлықтармен, велосипедтермен, тәттілермен, шығармашылыққа арналған жиынтықтармен қуантты.