«МТҚБ ӘҒД» РМК қызметкерлерінің балалары арасында елорданың туған күніне арналған суреттер байқауы қазылар алқасының мүшелерін жас суретшілердің ойлауы мен дарындылығымен таң қалдырды.
Конкурстың финалына 9 қатысушы өтіп, 1-ші орынды 14 жасар Керімай Иманова, 2-ші орынды 11 жасар Кәусар Әбдірашит, 3-ші орынды 8 жасар Әли Саятұлы иеленді.
Байқаудың барлық қатысушыларына «МТҚБ ӘҒД» РМК басшылығының атынан салтанатты түрде сыйлықтар табысталды.