Болашақ бірінші сынып оқушылары – кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына кеңсе тауарларының толық жиынтығы бар 36 мектеп рюкзагын МТҚБ ӘҒД директоры Нұрболат Ертас табыс етті.
Сыйлықтар ұсынумен қатар, балалар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің музейіне экскурсия жасады, сонымен бірге еліміздің барлық заңдары қабылданған Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс залында көрсетті.
«Білім күні қарсаңында балаларды мектепке дайындау әлеуметтік акциясы кәсіпорынның жыл сайынғы дәстүрлерінің бірі болып табылады. Ұжымымызда ежелден қалыптасқан игі дәстүр жас отбасыларды қуантып, корпоративтік рухты нығайтады», – дейді кәсіпорын директорының орынбасары Камиллия Дусмурадова.