МТҚБ ӘҒД басшылығының ұжыммен дәстүрлі кездесуі өтіп, онда 2023
жылғы қызметтің қорытындысы шығарылды.
Кездесу қызметкерлердің басшылықпен ашық диалог түрінде өткізіліп,
директор қызметкерлерге өндірістік қызмет мәселелерін атап өтті, әлеуметтік
қолдау тақырыптарын қозғады, қызметкерлердің еңбек жағдайларын
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды цифрлармен көрсетті, жоспарлы
жөндеудің аяқталуы, енгізілген Цифрлық жобалар туралы айтты.
Сондай-ақ, директор белгіленген мерзімде атқарылған жұмыстың орасан
зор көлемі үшін ұжымға ризашылығын білдірді, бұл бүкіл ұжым жұмысының
үйлесімділігін көрсетеді.
Кездесу барысында алға қойылған жоспарлар ұсынылды. МТҚБ ӘҒД өз
ұжымының тұрақтылығы мен кәсібилігінің сенімді іргетасына сүйене
отырып, 2024 жылы жаңа жетістіктерге дайындалуда.