Жазғы кезеңде МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясының ұжымы Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттарын алдағы сессияға дайындап, құрылыс және инженерлік жұмыстардың едәуір көлемін аяқтады.
«Үкімет үйі» ғимаратында Парламент палаталарының бірлескен отырыстарының жаңа залын жөндеуді аяқтау басты жетістіктердің бірі болды. Бұдан басқа, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырыс залы қайта жаңғыртылды, ол қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің отырыс залы ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, жалпы ауданы 10 438,4 м2 болатын әкімшілік ғимараттар мен қызметтік тұрғын үйлер жөнделді, ғимараттардың шатыры мен қасбеті ішінара ауыстырылды, Мәжілісте делегацияларды қабылдау үшін этно-кафе және Сенат асханасының дизайны қайта жаңартылды.
Инженерлік және қауіпсіздік жүйелерін дайындауға да үлкен көңіл бөлінді. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған дыбыстық нұсқаулықтар орнатылып, 80 аналогтық бейнебақылау камералары заманауи IP камераларына ауыстырылды.
Барлық жұмыстар мерзімінде орындалды, Парламент Палаталары мен Іс Басқармасы басшылары атқарылған жұмысты жоғары бағалады.