





«МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК ұжымы Алматы қаласының тұрғындары Ұлы Отан соғысы ардагері Долидуда Егор Степанович пен тыл еңбеккері Анаятова Айымкүлді Ұлы Жеңіс күнінің 80-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құрмет иелеріне мерекеге орай ұжым атынан сыйлықтар табысталды. Ардагерлер өздеріне бөлінген көңілге ризашылығын айтып, лебіздерін білдірді.