







2025 жылғы 4 шілде күні Қазақ халқының асыл қазынасы - Ұлттық домбыра күні қарсаңында Кәсіпорын жұмыскерлері мен жұмыскерлердің балалары асыл мұрамыз домбырада күй тартып, ұлттық өнерді ұлықтады. Домбыраның құлағында ойнаған балалардың өнері өркендей түссін!
Айтулы мереке соңында Директор сөз сөйлеп қастерлі дүниенің қадірін түсінген балаларға өз жылы лебізін білдірді. Балаларға дастархан жайылып, естеліктер табысталды.
Бұл дәстүр жыл сайын өз жалғасын табатын болады.