Басты бет«Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады

«Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады

«Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады «Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады «Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады «Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтады

«Біздің чемпион!» – деп әріптестері Еркінбек Бағзы туралы мақтанышпен айтып, тіпті әзілдепоған иіліп есіктерді ашады.

Е. Бағзының нәтижелері туралы «Азаттық рухы» газетінде мақала жарияланды.

«МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің желдету және ауа баптау жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі осындай құрметке Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының дәстүрлі спартакиадасының шахмат турнирінде жеңіскежеткеннен кейін ие болды. Ол ең нәтижелі ойыншы атанып, «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын алды. Еркінбек Бағзы өзінің 9 партиясының біріненде ұтылған жоқ. 

Еркінбек Бағзы 1983 жылы Моңғолияда 7 бала өскен, көп балалы отбасында дүниеге келген. Шахмат ойнауды оған да, әпкесіне де әкесі үйреткен. Бұл үшеуінің арасында нағыз отбасылықшахмат шайқасы ұйымдастырылатын еді. 1991 жылы отбасы «Оралмандарды қоныстандыру» бағдарламасы бойынша Қазақстанға көшіп келді. Мектептен кейін Щучинск гуманитарлық-техникалық колледжін тамамдап, «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына ие болған Еркінбек, өз мамандығы бойынша жұмысты сол бойы таба алмады. Бұл ретте Елордадағы құрылыс нысандары жұмыс күшін талап етіп, ол сантехник мамандығын қайта оқып алды.

Жас шахматшы 2005 жылы Кәсіпорынның жылуэнергетикалық қамтамасыз ету қызметіне слесарь болып келді. 20 жыл бойы еңбек етіп, өз ісінің нағыз шебері атанды. Көп балалы отбасында бүгінде 5 бала өсіп келе жатқанымен, Еркінбек Бағзы түрлі кәсіпорындарға жүгіріп, жақсы өмір іздеген жоқ.

- Біздің ұжым өте жақсы. Мен өз жұмысымды білемін, оны адал атқарамын. Бәріне де көңілім толады, – деп түсіндірді Еркінбек. 

Бұл мықты, сөзі аз кәсіби маманды басшылығы бағалайды, әріптестері құрметтейді. Ал бос уақытының барлығын шахмат ойнауға, балалық ермегін   қолдауға және одан әрі дамытуға арнайды. Ол телефонына онлайн ойын жүктеп алып, әлемнің түкпір-түкпірінде бірдей әуесқойлармен ойнап, шеберлігін шыңдап жатыр. Еркінбек Бағзының шахматтан спорттық дәрежесі жоқ, тек жеңістері бар. Онлайн-ойынында оның 1680 ұпайы (жеңісі)бар.  

- Кейде халықаралық ойыншылармен ойын партиясы жоспарланған кезде түнде оянамын, - деп мойындады ол. 

ҚР ПІБ спартакиадасында оның ойыны нағыз жаңалыққа айналуы ғажап емес. Соның арқасында 42 жаста слесаріміз шахматтан спорттық жолын бастап жатқан көрінеді. Семейде 3 облыстың - Абай, Қарағанды, Семей және Астана қалаларының шахматшылары жеңіс үшін күрескен облыстық жарыста Еркінбек медаль алып, тамыз айында өтетін «Senat open 2025» Республикалық турнирінің финалында өнерін паш ету құқығына ие болды. Оған сәттілік тілейік!