Басты бетКонституция күні 30 жыл

Конституция күні 30 жыл

Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл Конституция күні 30 жыл

Бүгін «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК-да 30 тамыз Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында Кәсіпорын директоры А.А. Конкаев сөз сөйлеп, Конституция күні еліміз үшін маңызды мереке екенін және әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі екенін атап өтті. Жұмыскерлерді мерекемен құттықтай отырып, ағымдағы жылдың 8 айындағы Кәсіпорынның атқарған қызметі туралы қортынды есеп берді.

Жиын Ата заңымыздың 30 жылдығына арналған салтанатты марапаттау рәсімімен жалғасты. Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз етудегі атқарған қажырлы еңбегі үшін Кәсіпорын директорының Алғыс хатымен 23 жұмыскер марапатталса, Қызметтік тұрғын үйлерге қызмет көрсетудегі талай жылдар бойы үздіксіз атқарған ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен Түкенова Айгүл Темерғалиқызы арнайы марапатталады. Жиын соңында Аманат партиясының алғыс хатымен 2 жұмыскер марапатталып, партия құрамына жаңадан қабылданған жұмыскерлерге партия билеті табысталды.

Қорытындылай келе Кәсіпорын алдындағы басты міндетті ұйымшылдықпен, абыроймен атқару жалғасын табады деп сенеміз.