«МТҚБ ӘҒД» ШЖҚ РМК инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің желдету және ауа баптау жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі Еркінбек Бағзы Семей қаласында 3 облыстың – Абай, Қарағанды, Семей және Астана қалаларының шахматшылары жеңіс үшін күрескен облыстық жарыста медаль алып, тамыз айында өткен «Senat open 2025» Республикалық турнирінің финалында өнерін паш ету құқығына ие болды.
«Өнерлі – өрге озар!», - демекші аталған «Senat open 2025» Республикалық турнирінде шебер жұмыскеріміз 17 облыс, 3 қала және 20 команда ішінен жүлделі 3 орынды иеленді. Жеңімпазымызға әрі қарай да биік шыңдарды бағындырып, толағай табыстарға жетуіне шын жүректен тілектеспіз!