
Бүгін Кәсіпорын жұмыскерлері «АМАНАТ» партиясымен бірлесе отырып «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағына тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияға 30-ға жуық жұмыскер қатысып, белсенділік көрсетті.
Бұл акцияның негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Біз адамдарды жауапкершілік танытуға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.