Басты бет25 қазан Ұлттық мереке Республика күні

25 қазан Ұлттық мереке Республика күні

25 қазан Ұлттық мереке Республика күні 25 қазан Ұлттық мереке Республика күні 25 қазан Ұлттық мереке Республика күні 25 қазан Ұлттық мереке Республика күні 25 қазан Ұлттық мереке Республика күні 25 қазан Ұлттық мереке Республика күні

Бүгін Республика күні Ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті. Кәсіпорын директоры А.А. Конкаев Ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында жұмыскерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, марапаттарды табыстады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы талай жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен Мирас Зарипұлы Дүйсенов және Багзый Еркінбек марапатталды.

Салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Іс басқарушысының, ҚР Сенаты мен Мәжілісі Төрағасының, Аппарат басшыларының, МТҚБ Басшысы және Кәсіпорын директорының атынан бірқатар жұмыскерлерге  алғыс хаттар табысталды.  

Сонымен қатар 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысын дайындауға және өткізуге белсенді атсалысқан жұмыскерлер арнайы алғыстарға ие болды.

Жиынды қортындылай келе Кәсіпорынның «АМАНАТ» партиясы «Бірлік» филиалының партия құрамына жаңадан қабылданған жұмыскерлеріне партия билеттері табысталды.

Құрметті әріптестер, алған марапаттарыңыз құтты болсын. Еңбектеріңіз жана берсін.

Салтанатты іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.