А.ж. 1 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес өткен қазақша күрестен турнирге жүйенің қарасты кәсіпорындарының мықты палуандары қатысып, күш-жігерлерін көрсетті.
Аталған тартыста Кәсіпорнымыздан 10 жұмыскер Кәсіпорнымыздың абыройын тағы бір көтеріп, үлкен жетістіктерге жетті. Кәсіпорнымыздың инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің (Сенат ғимараты) слесарь-сантехнигі Тұрсын Ернұр Мұратұлы топты жарып, 2 жүлделі орынды иеленді.
Іс-шара мерекелік бағдарлама мен жанкүйерлердің қолдауымен өтті.
Мықты азаматтарымызға зор денсаулық тілеп, қашан да биік шыңдарды бағындыруларын тілейміз!
Осымен ағымды жылға жоспарланған спорт шаралары өз мәресіне жетіп, маусым аяқталды.