Қаржыгерлер күніне орай Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің 1-санаттағы бухгалтері Лаура Сайлаубайқызы Нұрғалиева Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі ведомстволық наградасымен марапатталды.
Бұл айтулы мерекеде Кәсіпорын директоры А.А. Конкаев қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құтықтап, жауапкершілігі мол еңбектері үшін алғысын білдірді.
Еңбектеріңіз жемісті, әрбір істеріңіз нәтижелі болуын және қаржылық тұрақтылық тілейміз.