Жаңа жыл мейрамына орай Кәсіпорын жұмыскерлері Алматы қаласының тұрғындары - Ұлы Отан соғысының ардагері Е.С. Долидуда мен тыл еңбеккері А. Анаятованы құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстап, жылы лебіздерін білдірді.
Асыл жандарымыз балаша қуанып, ризашылықтарын білдіріп, жаңа жыл - қашан да жаңа қадам, жаңа бағыт, болашаққа деген сенім екенін жеткізіп, жаңа жылда жаңа белестерге жетуді тіледі.