Басты бетЖұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы Жұмысшы мамандықтар жылы

Мемлекет Басшысының бастамасымен ағымдағы 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмысшы мамандықтар жылына арналған салтанатты жиын өтті. Жиында 40 жылдан астам атқарған ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Үсенов Аманжол Жамболатұлы марапатталды.

Сонымен қатар Энергетиктер күніне орай «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі  ведомстволық наградасымен Болат Сыманұлы Жангуров марапатталса«Құрметті энергетик» төсбелгісі  ведомстволық наградасымен Ерлан Амангелдіұлы Бекжанов марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар жылының басты мақсаты еңбек адамына деген құрметті қалыптастыру және ынталандыру болып табылады. Жылдың қорытындысы бойынша  Кәсіпорынның көп салалы бағыттарында жұмыс істейтін әрбір құрылымдық бөлімшенің үздік жұмысшы мамандары анықталды. Жылдың үздік жұмысшы мамандарына алғыс хаттар мен 100 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.

Жұмысшы мамандықтар жылына орай жас келсе іске деп бүгінгі артылған сенім, болашақта өркендеген елдің жемісі. "Шын жүйріктер сыналады жарыста" - демекші алған білімдерін елімізге қызмет етсін дей отырып Кәсіпорынның «АМАНАТ» партиясы «Бірлік» филиалы атынан жаңадан қабылданған 15 жас маман марапатталды.

Сонымен бірге, жылдың үздік тәлімгері номинациясымен талай жылдар еңбек етіп, жас мамандармен тәжірибесін бөлісіп, үлгі бола білген қоғамдық тамақтану қызметінің шеф-аспазы Канаева Кулзипа Акимбековна марапатталды.

Жиын соңында жұмысшы мамандықтар жылына орай Кәсіпорын жұмыскерлерін қолдау бойынша атқарылған  іс-шараларға бейнеролик көрсетілді.