Наурыз мерекесі аясында кәсіпорын қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Долидуда Егор Степанович мен тыл еңбеккері Анаятова Айымкүлді құттықтады.
Олардың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылық пен терең құрмет белгісі ретінде азық-түлік себеттері табысталды.
Кәсіпорын ұжымы ардагерлердің ерлігі мен еңбегінің маңызын атап өтіп, олардың өнегесі болашақ ұрпақ үшін батылдықтың, төзімділіктің және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін жеткізді.