Басты бетНаурыз думан

Наурыз думан

Наурыз думан Наурыз думан Наурыз думан Наурыз думан Наурыз думан

Наурыз мерекесіне атап орай кәсіпорында «Қыз - елдің көркі» байқауы өткізілді.

Іс-шараға кәсіпорын қызметкерлерінен құралған бес команда қатысты. Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету және ұлттық тағамдарды таныстыру.

Сонымен қатар, командалар дайындаған мерекелік дастархандарға бағалау жүргізілді. Қорытынды шығару кезінде дайындық деңгейі, шығармашылық тәсіл және ұлттық дәстүрлердің сақталуы ескерілді.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар «Сарыарқа» және «Көктем нұры» командаларына берілді.

Іс-шараны өткізу ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеуге, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті нығайтуға және командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.