Басты бет«Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық

«Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық

«Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық «Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық «Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық «Таза Қазақстан»: қыс мезгіліндегі қауіпсіздік пен адамдарға қамқорлық

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында кәсіпорын қызметкерлері абаттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

30 қаңтар күні кәсіпорын жұмысшылары «Шарапат» әлеуметтік қызметтер орталығының аумағын қардан тазартты. Орталықтың егде жастағы тұрғындары көрсетілген көмек пен қамқорлық үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, қалың қар жаууы жағдайында Қазақстан Республикасы Парламентінің әкімшілік ғимараттарының шатырларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарға 50-ден астам қызметкер қатысып, ұйымшылдықты, өзара көмекті және жоғары жауапкершілікті көрсетті.

Аталған жұмыстар қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етіп, ұжымның адамдарға қамқорлық жасау және қоғамдық игілік қағидаттарына адалдығын көрсетеді.