Басты бетСпорт шекара танымайды

Спорт шекара танымайды

Спорт шекара танымайды Спорт шекара танымайды

Кәсіпорын қызметкері Алишер Ерболатұлы Кузекбаевты көпқырлы тұлға деп толық негізбен атауға болады.

Ол Ташкент қаласында өткен XIII Халықаралық марафонға қатысып, 21,1 шақырымдық жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 38 минутта сәтті еңсерді. Жарыс барысында Кузекбаев мықты спортшылармен қатар өнер көрсетіп, өзінің жоғары дайындық деңгейін, төзімділігі мен мақсаткерлігін айқын көрсетті.

Сонымен қатар, ол Өзбекстанның спорттық телеарналарына сұхбат беріп, халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғады. Әртүрлі елдерден келген спортшыларды тоғыстырған бұл ауқымды спорттық шара бауырлас мемлекеттер арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтуға елеулі үлес қосты.