16 сәуір күні Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні қызметтік тұрғын үйді пайдалану қызметінің қызметкерлері құрметке бөленді.
Басшылық сала мамандарын құттықтап, олардың кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Тұрғын үйлердегі жайлылық пен тәртіпті қамтамасыз ету дәл осы мамандардың еңбегінің нәтижесі екені атап өтілді.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ойын-сауық орталығы кинотеатрына барумен аяқталды.