Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спартакиадасы аясында «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтті.
Жарысқа ММ «МТҚБ» құрамасы сапында Кәсіпорын атынан инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің желдету және ауа баптау жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі Бағзый Еркінбек қатысты.
Турнир қатысушыларға зияткерлік қабілеттері мен стратегиялық ойлау дағдыларын көрсетуге, тәжірибе алмасуға және корпоративтік рухты нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.