Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындары - Ұлы Отан соғысының ардагері Егор Степанович Долидуда мен тыл еңбеккері Айткүл Анаятованы құттықтады.
Құрмет пен алғыс белгісі ретінде ардагерлерге құттықтау ашықхаттары, азық-түлік себеттері және гүл шоқтары табысталды.
Ардагерлеріміздің ерлігі, төзімділігі, жанқиярлық еңбегі мен еліміздің бейбіт болашағына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық және ашық аспан тілейміз!