Бүгін Кәсіпорын директоры А.А. Конкаев Кәсіпорын мен жоғары оқу орындары арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өндірістік практикадан өтуге келген студенттермен кездесті.
Кездесу барысында директор студенттерді қарсы алып, оларға өндірістік практикадан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби бейімделу үшін практикалық тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.
Практикадан өту кезеңінде Кәсіпорынның өндірістік нысандарында әрбір студентке тәлімгер бекітіліп, өндірістік үдерістермен танысуға қажетті жұмыс орындары мен барлық жағдайлар жасалды.
Кездесу барысында студенттер өздерін таныстырып, оқу жетістіктерімен бөлісті. Практикадан өтуші студенттердің басым бөлігі мемлекеттік білім гранттарының иегерлері екені атап өтілді.
Іс-шара соңында студенттер үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.