Басты бетСаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалдық-музей кеше...

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды

31 мамыр - Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн - еліміздің тарихындағы қасіретті кезеңдерді еске алып, тарихи жадымызды сақтаудың маңыздылығын айқындайтын ерекше дата.

Атаулы күн аясында Кәсіпорын базасында өндірістік практикадан өтіп жүрген студенттер үшін «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын бейнелейтін музей экспозицияларымен танысып, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен олардың Қазақстан тарихындағы орны туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, мемлекет пен қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан ұлттық зиялы қауым өкілдері мен «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ерлігіне ерекше назар аударылды.

Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың тарихи мұраға деген құрметін арттыруға, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етуге, сондай-ақ патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.