Басты бетБалаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара

Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара

Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бастауыш мектепті үздік аяқтаған 4-сынып түлектері - Кәсіпорын қызметкерлерінің балалары үшін Кәсіпорын басшылығының қолдауымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жағдайда балаларға оқудағы жетістіктері, ынта-жігері және мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар табысталды. Кәсіпорын өкілдері жас түлектерді маңызды оқу кезеңінің аяқталуымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басып, жаңа білім алып, жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Мерекелік шараның жалғасы ретінде балалар кинотеатрға барып, қызықты уақыт өткізіп, жарқын әсерлерге бөленді.

Өскелең ұрпақты қолдау және балалар өміріндегі маңызды оқиғаларға атсалысу Кәсіпорынның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.