Басты бетҰжымдағы жанжалдарды басқару және корпоративтік әдепті дамыту

Ұжымдағы жанжалдарды басқару және корпоративтік әдепті дамыту

Ұжымдағы жанжалдарды басқару және корпоративтік әдепті дамыту Ұжымдағы жанжалдарды басқару және корпоративтік әдепті дамыту

2026 жылғы 8-9 маусым күндері Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері басшыларына арналған «Ұжымдағы жанжалдарды басқару және корпоративтік әдепті дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - басқарушылық құзыреттерді дамыту, корпоративтік мәдениетті нығайту және еңбек ұжымындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу мен оларды реттеу дағдыларын жетілдіру.

Семинар барысында қатысушылар тиімді коммуникация, міндеттер қою және кері байланыс беру, жанжалдарды басқару, эмоционалдық интеллектті дамыту, келіссөздер жүргізу, сондай-ақ этикалық комплаенс пен мүдделер қақтығысын басқару мәселелерін қарастырды.

Оқыту тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, кейстерді талдау, тапсырмаларды орындау және нақты жұмыс жағдайларын талқылауды қамтыды.