Бүгінгі күн – ертеңгі тарих...
Осылайша, сессияның аяқталып, ҚР Парламентіне 30 жыл толу мерекесін атап өту мақсатында Кәсіпорынның бірқатар жұмыскерлері ҚР Президентінің мерекелік медальдарымен, ҚР Парламенті Аппараттары Төрағаларының алғыстарымен марапатталды.
Біз заң шығару қызметімен тікелей айналыспасақ та, Парламенттің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету арқылы ортақ іске өз үлесімізді қосып келеміз.
Парламенттің 30 жылдық тарихы – бұл тек депутаттар мен мемлекет қайраткерлерінің ғана емес, осы шаңырақтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген әрбір қызметкердің де тарихы.
ҚР Президенті Іс басқармасының марапат иелерін құттықтай отырып, ортақ істе талмас қанат мен биік белестер тілейміз!