Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Кәсіпорын жұмыскерлері «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық науқанына қатысуды жалғастырды.
Іс-шара аясында 33 жұмыскер Есіл өзенінің жағалауындағы тазалық рейдіне қатысты.
Науқанның басты мақсаты – аумақты жақсарту, тазалықты сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Тазалық жұмыстары кезінде қатысушылар аумақты ретке келтіріп, 100-ден астам қоқыс пакетін жинады.