Құрылысшылар күні қарсаңында Кәсіпорын директоры А.А. Конкаев жөндеу-құрылыс қызметінің, өндірістік-техникалық бөлімнің және қызметтік тұрғын үйді пайдалану қызметінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында Кәсіпорын директоры қызметкерлерге кәсіби шеберлігі, жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны және адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ қызметкерлерге зор денсаулық, амандық-саулық және кәсіби қызметте одан әрі табыс тіледі.
Еңбектегі жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгілер табысталды.
Кездесу соңында қызметкерлерге арнап мерекелік дастархан жайылды.