5 қыркүйек - қазақ халқы үшін айрықша күн. Бұл күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, ағартушы, ақын, педагог, әдебиеттанушы әрі аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Аталған күн Қазақстанда ресми түрде Қазақстан халқының тілдері күні ретінде атап өтіледі.
Ахмет Байтұрсынұлының бай ғылыми және әдеби мұрасы қазақ мәдениеті мен білімінің тарихында айрықша орын алады. Оның тіл, ағарту ісі және ұлттық сана мәселелеріне арналған еңбектері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен жас ұрпақтың рухани дамуына маңызды негіз болып отыр.
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар аясында Кәсіпорын қызметкерлері үшін «Қаржыға қатысты атаулардың тарихы және қазіргі қаржы саласының лексикасы» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Іс-шараның спикері - түркітанушы, ғалым Мәрлен Ерланұлы Әділов. Ол 50-ден астам ғылыми еңбектің, 20 ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus деректер базасына енгізілген 7 жарияланымның, сондай-ақ 5 монографияның авторы.
Семинар барысында қатысушылар қаржы терминологиясының қалыптасу тарихымен, оның даму ерекшеліктерімен және қазіргі қазақ тіліндегі қолданысымен танысты. Тақырып қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тіл, тарих және заманауи кәсіби салалардың өзара байланысына жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара интеллектуалдық-танымдық командалық квизбен жалғасты. Квиз барысында қатысушылар өздерінің білімін, эрудициясын, тапқырлығы мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Өткізілген іс-шара қатысушылардың ана тілі және оның бай мұрасы туралы білімдерін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар өзара қарым-қатынас жасап, білім алмасуына және командалық өзара іс-қимылды нығайтуына мүмкіндік берді.
Тілді сақтау және дамыту - халықтың тарихи жадын, ұлттық мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтау.