Басты бет › Аға буынға құрмет пен ілтипат

Аға буынға құрмет пен ілтипат

Аға буынға құрмет пен ілтипат Аға буынға құрмет пен ілтипат

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл атаулы күн аға буынның қоғамдағы маңызын атап өтуге, олардың өмірлік және еңбек жолына алғыс білдіруге, сондай-ақ қарт адамдарға көңіл бөлу мен қамқорлық көрсетудің маңыздылығын еске салуға арналған.

Осы күні Кәсіпорын басшылығы Алматы қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері - Егор Степанович Долидуде мен тыл еңбеккері Айткуль Анаятовамен кездесіп, оларға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ Кәсіпорынның аға буын өкілдеріне де ізгі тілектерін жеткізді.

Аға буын өкілдеріне арнап дастарқан жайылып, азық-түлік себеттері табысталды.

Мұндай іс-шаралар аға буынға құрмет көрсету дәстүрін сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, сондай-ақ еліміздің және Кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге ризашылық білдіруге бағытталған.