Ағымдағы жылдың 8 қазанында Кәсіпорында қызметкерлерге арналған санитариялық-гигиеналық оқыту бойынша жыл сайынғы міндетті семинар өткізілді.
Оқытуға қоғамдық тамақтандыру және шаруашылық қызмет көрсету қызметтерінің 172 қызметкері қатысты.
Семинар барысында санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді сақтау, сондай-ақ жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің санитариялық талаптар жөніндегі білімін арттыруға және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуының алдын алуға бағытталған.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді.