Қазақ күресі - ұлттық спорт мұрасының символдарының бірі. Ол күш-қайратты, төзімділік пен жеңіске деген жігерді бейнелейді.
17 қазанда ұлттық күрес түрінен турнир өтті. Аталған жарыста Кәсіпорын қызметкері Тұрсын Ернұр Мұратұлы II орын иеленіп, лайықты нәтиже көрсетті. Әріптестері «ШҚД ӘҒД» - АЛҒА! ұранымен спортшыға қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рухтың үлгісін танытты.
Мұндай спорттық іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, еңбек ұжымының бірлігін нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.